06.10.2023
19:04
941
Қазақстанның көркем гимнастикадан құрамасы - Азиаданың күміс жүлдегері

Қазақстанның көркем гимнастикадан құрамасы - Азиаданың күміс жүлдегері

Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының командалық сайысында көркем гимнастикадан медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отандастарымыз Эльжана Таниева, Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова ел намысын қорғап, жалпы 317.100 ұпаймен 2-орынға табан тіреді.

Осылайша Қазақстан қоржынындағы медаль саны 67-жүлдеге (9 алтын, 17 күміс және 41 қола) жетті.