24.10.2023
09:02
2075
«Қазақстанның халық жазушысы» атағы кімдерге берілді?

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы кімдерге берілді?

Биылдан бастап құрметті марапаттар қатарына «Қазақстанның халық жазушысы» қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Egemen Qazaqstan» газеті жариялады.