Қазақстанның Франциядағы жаңа Елшісі тағайындалды

29 Желтоқсан 2022, 14:46 1123

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: