22.01.2024
13:02
1405
Қазақстанның ең бай адамы Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды

Қазақстанның ең бай адамы Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды

Облыс прокуратурасы өңір экономикасын демонополизациялау бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Joint Technologies» ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС (бұдан әрі-Парк) үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін Парк сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын.

Айта кетейік, Forbes-тің 2023 жылғы қазандағы деректеріне сәйкес, Joint Technologies серіктестігі "Кипрос" ЖШС құрылымына тиесілі. Ал аталған мекемелердің меншік иесі Тимур Құлыбаев екені белгілі.