Қазақстанның ең бай адамдары бас қосты

3 Қараша 2023, 15:46 63375

2 қарашада The Ritz-Carlton Almaty қонақүйі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойда Қазақстанның олигархтары бас қосты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қонақүй иесі Сержан Жұмашов мерекеге өзінің достары, яғни Қазақстанның ең бай адамдарын шақырды.

Ерекше қонақтардың арасында Дінмұхамет Ыдырысов, Нұрлан Смағұлов, Марғұлан Сейсембаев және тағы басқалар болды. Айта кету керек, олигархтардың бірге түскен фотосуретін мереке қонақтарының бірі  – кәсіпкер Арманжан Байтасов жариялады.

Досым Сержан Жұмашевты қонақүйдің 10 жылдығымен құттықтаймын. Бүгін барлық жақын достарымыз бен таныстарымыздың басын қосып отыр, - деп жазды.

Қонақүйдің мерейтойы дәл осы күні 57 жасқа толған Марғұлан Сейсембаевтың туған күнімен тұспа-тұс келді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: