25.09.2023
14:09
1376
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті

Өткен жылы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 29,4 млрд долларды құрап, 10,4 пайызға артты. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов «Иннопром. Қазақстан-2023» форумында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің сөзінше, бұл рекордтық көрсеткіш.

Бұл қарқын биыл да жалғасуда. Биыл 6 айдың ішінде еліміздің тауар айналымы 14 млрд долларға дейін жетті. Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібінің өнімі 2,2 есеге өсті. Саланың жалпы қосылған құнының көлемі 2,3 есеге өсті. Еңбек өнімділігі 49 мың долларға дейін өсті, бұл орташа экономикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары. Салалық тұрғыда айтатын болсақ, тау-кен металлургия кешені отандық өңдеуші өнеркәсіптің негізі болып табылады. Өткен жылы 19,3 миллиард доллардың өнімі экспортталды, бұл елдің жалпы экспортының 23 пайызын құрайды, - деді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде машина жасау өндірісі артқанын айтқан болатын.