Қазақстанның «дипломатиялық жеңісі»: СІМ Қытаймен визасыз режим жайлы

2 Мамыр 2023, 19:00 1247

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Смадияровтың айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісімге әлі қол қойылған жоқ.

Соңғы кездері Қазақстан мен Қытай арасында визадан босату туралы келісімге қарсы ой-пікірлер өрбіп жатыр. Ол келісімге әлі қол қойылмады. Қытай азаматтары өткен жылдың жазынан бастап 14 күнге визасыз келе алады. Енді 14 күнге келетін азаматтар 30 күнге күнге келе алады. Бұл – бір. Қазақстанның азаматтары тура сол сияқты Қытайда визасыз 30 күн бола алады. Бұл келісімге қол қойылған жағдайда жүзеге асады. Бұл туристік немесе іскерлік сапар ғана бола алады. Екі тараптың азаматтары да жұмыс істей алмайды, – деді Смадияров.

30 күнге тек туристік немесе іскерлік мақсатпен баруға болады. Ал визасыз келген адам (Қазақстан немесе Қытай азаматы) қос елге барғанда, жұмыс істей алмайды. Егер адамның қалу мерзімі 30 күннен аса, онда ол міндетті түрде жазаланады.

Визасыз режим Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк көлігінің жүргізушілеріне визасыз кіруге болады. Бұл біраз мәселені шешеді. Қос ел арасындағы сауда-саттық өсіп, өңіраралық ынтымақтастық нығаяды, экономикамызға әсер етеді. Егер шекараны жауып тастасақ, эффект басқаша болады. Шекараны ашқаннан кейін жұмыс істеуіміз керек. Қытай – алпауыт экономикасы бар мемлекет. Орталық Азияда Қытаймен визасы режим орнатқан жалғыз мемлекетпіз. Мұны біз дипломатиялық жеңіс деп есептейміз, - дейді ол.

Берік Арманов
Бөлісу: