Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастық перспективалары

8 Қараша 2022, 11:20 1734

«Қанаттылар» инклюзивті театры мүшелері «Қыз жылаған» спектаклін көрсетті

БҰҰ - әлемнің 190-ға тарта елін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебеп ұйым. Халықаралық ұйымға 25 жыл толды. Осыған орай Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына БҰҰ-ның өкілдері жиналды, деп хабарлайды El.kz
 
Кеш Сыртқы істер министрінің құттықтау сәлемдемесімен басталды. Онда БҰҰ әлемдік саясаттағы орны мен ықпалы жан-жақты қамтылды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзаттың мүддесі мен шұғыл қажеттіліктеріне қызмет ететін бірден-бір әмбебап ұйым ретінде бағаланады. Қазақстан БҰҰ-ның рөлі мен беделін жоғары бағалайды», – деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров.

1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі болды. 1992 жылғы 15 сәуірде Қазақстанның БҰҰ-ның жанындағы бірінші Тұрақты Өкілі тағайындалды. 1992 жылғы 5 маусымда БҰҰ-ның жаңынан Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі құрылды. 1993 жылғы 16 ақпанда БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі ашылды. Яғни Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап халықаралық ұйыммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді.

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори: «БҰҰ бұрын-соңды болмаған сынақтан өтуде. Солай бола тұра, халықаралық ұйымның әлемдік аренадағы қажеттілігін сезініп отырмыз. Бүгінде Қазақстанда БҰҰ-ның 27 агенттіктері, қорлары мен бағдарламасы жұмыс істейді. Біз Қазақстанды дамытуға бағытталған мыңдаған бағдарламаны бірлесіп жүзеге асырудамыз. Қазақстан Үкіметімен ағымдағы бесжылдық ынтымақтастық бағдарламасы аясында үш бағытқа назар аударып отырмыз. Олар: адамдардың мүмкіндігін кеңейту, қызмет көрсету сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау және инклюзивті экономикалық өсу. Бүгінгі «Қанаттылар» инклюзивті театрының қойылымы – соның бір жарқын мысалы», – деп атап өтті.

«Қанаттылар» инклюзивті театры мүшелері «Қыз жылаған» спектаклін көрсетті.  Қойылымның негізгі идеясы – ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамдардың өмірі баяндалады.

Дина Алланазарова
Бөлісу: