Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі өмірден өтті

14 Маусым, 17:05 708

Еліміздің бұрынғы денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, КСРО денсаулық сақтау үздігі, медицина қызметкерлерінің көптеген ұрпақтарының тәлімгері Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Талапқали Әбішұлы кәсіби қызметін хирург дәрігерден бастады, содан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Медициналық қоғамдастықтың, көптеген студенттердің, әріптестердің есінде ол жарқын ерекше тұлға, өз ісінің үлкен энтузиасты болып қала береді, ол ұлтты сауықтыру бойынша бірқатар ірі бастамалардың авторы болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: