06.11.2024
09:37
606
Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытады

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытады

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Екпіні таңертең және күндіз 23-28 м/с болуы ықтимал.

6 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.

Алматыда 6 қарашада күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.

Ертең түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні – 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20. Түнде кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақытта 23 м/с. Оралда 6 қарашада түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қостанайда 6 қарашада күндіз кей уақытта қатты қар, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі. Қызылордада 6 қарашада жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші – 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

6 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с. Өскеменде 6 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с деп күтіледі.