Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

4 Қараша, 09:46 353

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 қарашадағы Қазақстан өңірлері бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады екпіні 15-20 м/с жетіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жел 15-20 м/с жылдамдықпан соғады.
4 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.

Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғып, екпіні 15-20 м/с деп болжануда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: