Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады - Қазгидромет

17 Шілде 2023, 09:10 897

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 17-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн құбылмалы боады. Кей жерлерде жаңбыр , бұршақ жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ал елдің қалған аумақтарында көбіне күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41°с қатты ыстық күтіледі.

Оқи отырыңыз:

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: