22.02.2023
16:05
1291
Қазақстанның басым бөлігінде 28 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның басым бөлігінде 28 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК 22-25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, қазір Қазақстандағы ауа райына Атлант циклоны әсер етуде.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Осыған байланысты 25 ақпанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын соғады. 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде 15 градустан 23 градусқа дейін, солтүстік-батыста 28 градусқа дейін, ал солтүстікте және орталықта 25 градус аяз болжанады», - делінген хабарламада.