Қазақстанның Австрия мен Норвегияға қарсы ойнайтын құрамы анықталды

4 Қараша, 17:53 478

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қараша айында өтетін Австрия және Норвегия құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, нақты тізімге 27 футболшы енген.

Оқу-жаттығу жиындары 11 қараша күні Алматыда басталады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – «Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев («Елімай»), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Жан Әли Пайруз («Елімай»);

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 14 қарашада Станислав Черчесовтың командасы Австриямен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді. 

Үш күннен кейін біздің команда Норвегияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Осло қаласында «Уллеволь» стадионында өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: