Сыртқы министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгін кешке дейін эвакуациялау жұмыстары аяқталалады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барлығы 44 адам эвакуацияланады. Оның 40-ы Қазақстан азаматы, төртеуі олардың жақын туыстары.
Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті. Бүгін біздің отандастарымызды эвакуациялау басталып жатыр. Эвакациялау Газа секторынан Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы болады. Пункттен өткеннен кейін Каирге, содан соң Қазақстанға келеді, - деді Смадияров.
Сондай-ақ ол әлі де бірнеше эвакуациялау болатынын айтты.
161 адамның тізімін бердік. 44 адамға ғана рұқсат алдық, - деді өкіл.