15 ақпан сағат 09:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысында - 4 учаске (379 км)
Ақтөбе облысында – 3 учаске (525 км)
Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км)
Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)
Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)
Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (249 км)
Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
Ұлытау облысында - 2 учаске (438 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 349 бірлік техника және 543 жолшы жұмылдырылған.