Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 Ақпан 2023, 21:42 892

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде басытан, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.  Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда да тұман болады деп болжанады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар),көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.  Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

EL.KZ
Бөлісу: