Қазақстаннан Оманға тікелей әуе рейсі ашылады

28 Ақпан 2023, 09:41 892

Халықаралық рейстердің санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп «Salam Air» әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, «Salam Air» 2023 жылғы 1 шілдеден бастап А–320neo және А-321neo типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

EL.KZ
Бөлісу: