Қазақстаннан әлемнің 32 еліне ұшуға болады

9 Қазан, 02:30 422

Қазақстан халықаралық рейстер географиясын айтарлықтай кеңейтуде. Бүгінгі таңда Қазақстаннан әлемнің 32 еліне ұшуға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, біздің елдің Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Мысыр, Үндістан, Иран, Италия, Катар, Қытай Халық Республикасы, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Грециямен тікелей әуе қатынасы бар. 

Қазіргі уақытта 132 халықаралық әуе бағыты бар. Қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары аптасына 778 халықаралық рейс орындайды.

Көлік министрлігі шет мемлекеттердің авиациялық билік органдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша үнемі келіссөздер жүргізуде. Бұл қолжетімді бағыттардың санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Биыл Алматыдан Мумбай, Бейжің, Куала-Лумпур, Иркутск, Эль-Алаймен, сондай-ақ Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх қалаларына жаңа әуе бағыттары ашылды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең ірі лоукостердің бірі - Малайзиялық «Air Asia X»әуе компаниясы Астанадан Душанбе, Прага, Сеул, Ақтау - Минеральные воды қалаларына тұрақты рейстерді қалпына келтірді. Ал қытайлық «China Southern Airlines» әуе компаниясы Алматы-Үрімші бағыты бойынша рейстер санын көбейтті,-делінген ведомство мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: