Қазақстанға Жапонияның Еуропа істері жөніндегі бюросының бас директоры ресми сапармен келеді

17 Маусым, 16:17 586

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің брифингінде ресми өкілі Айбек Смадияр мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар аясында жапондық дипломат ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевпен кездеседі.

Тараптар Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишиданың алдағы ресми сапары және биылғы жылдың жаз айында Астанада өтетін “Орталық Азия және Жапония диалогінің бірінші саммитіне” дайындық барысы туралы мәселелерді талқылау жоспарлауда, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі бюросының бас директоры Масаши Накакуми ертен Астанаға келеді.

Миражан Махан
Бөлісу: