Қазақстанға заңсыз әкелінген iPhone 15 смартфондары тәркіленді

29 Қыркүйек 2023, 12:40 1907

Алматы әуежайында контрабандалық жолмен әкелінген iPhone 15 смартфондары тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дубай-Алматы рейсін кедендік бақылау кезінде декларацияланбаған 34 дана iPhone 15 телефоны табылды. Телефондардың кедендік құны – 25,3 млн теңгені, келтірілген шығын көлемі – 3,1 млн теңгені құрайды.

Заң бұзған азаматқа 103,5 мың теңге сомасында айыппұл салынады.

Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді, –деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: