2025 жылдың жеті айында Қазақстан жеңіл автокөлікті 59%-ға көп импорттады. Оның ішінде Қытайдан келгендер көліктер саны шамамен 2,5 есе артқан. Бұл туралы Finratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Импорттағы көшбасшылар
2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанға 134 366 жаңа және қолданыстағы жеңіл көлік әкелінді. Бұл – 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 59,4%-ға көп. Негізгі жеткізуші елдер қатарында Қытай, АҚШ және Жапония бар.
Көлік импорты бойынша ТОП-10 ел:
Қытай – 94 606 (+247,5%)
АҚШ – 12 891 (-29,3%)
Жапония – 10 377 (-11,2%)
Оңтүстік Корея – 6 411 (-23,9%)
Ресей – 5 912 (+217,9%)
Германия – 1 817 (+23,3%)
Канада – 605 (-41,6%)
Мексика – 358 (+90,4%)
Словакия – 250 (+257,7%)
Ұлыбритания – 218 (+79%)
Айта кетерлігі, биыл Өзбекстаннан үш қана көлік жеткізілген, ал 2024 жылы мүлде болмаған.
Қазақстаннан экспорт
2025 жылдың жеті айында елден 683 жеңіл автокөлік сыртқа шығарылды. Экспорттағы негізгі бағыттар:
Қырғызстан – 240 көлік
Беларусь – 104
Қытай – 100
Қытай көліктерінің импорт көлемінің артуы – қазақстандық нарықта қолжетімді әрі сұранысқа ие модельдердің үлесі көбейгенін айғақтайды. Ал АҚШ пен кейбір өзге мемлекеттерден жеткізілімдер қысқарған.