10.08.2023
10:05
1483
Қазақстанға құны 1,6 млрд теңгеден астам темекі өнімдерін заңсыз кіргізбек болған

Қазақстанға құны 1,6 млрд теңгеден астам темекі өнімдерін заңсыз кіргізбек болған

ҚМА Қырғызстаннан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттенгендер ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір бұл істі ҚМА-ның Жамбыл облыстық департаменті тергеп жатыр. Мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша, акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шарасы, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады, - делінген мәліметте.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.