05.06.2025
00:20
1034
Қазақстанға қай елдердің азаматтары қоныс аударды

Қазақстанға қай елдердің азаматтары қоныс аударды

2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтар саны 4 923 адамды құрады, кеткендер саны - 1 122 адам, көші-қон сальдосы оң - 3801 адам, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі - 68%.

ТМД елдерінен қоныс аударып, ықтияр хат алған 4 137 адамның ішінде ең көбі Өзбекстаннан келген - 2 614 адам, Ресейден - 982 адам.

Өзге елдерден биылғы алғашқы үш айда 783 адам келді. Олардың басым бөлігі Қытай (427 адам), Моңғолия (129 адам) және Түркиядан (57 адам) келген, - делінген мәліметте.

Келгендердің басым бөлігі Алматы (1 649 адам) және Маңғыстау облыстарына (764 адам), сондай-ақ Алматы қаласына (687 адам) қоныстанған.

Айта кетейік, келгендердің негізгі үлесі (61,7%) 20 мен 44 жас аралығында.