«Қазақстанға келе алмаймын»: ресейлік әнші еліміздегі ұлтшылдар мен арандатушыларды айыптады

7 Қыркүйек 2023, 11:24 982

Украинадағы соғысты қолдайтын ресейлік әртіс Никита Джигурда Қазақстандағы русофобия мен ұлтшылдық жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Джигурда «Қазақстандағы русофобияның артуына байланысты» жоспарланған іс-шараға келе алмайтынын мәлімдеді.

10 қыркүйекте Қазақстандағы бір іс-шараға қатысуым керек болатын. Дегенмен Қазақстан елде русофобия күшейіп, ұлтшылдар арандатушылық ұйымдастырып жатқанын айтқан ресейлік дипломатты өкілеттілігінен айырды. Сондықтан мен Қазақстанға келе алмаймын. Федералды қауіпсіздік қызметі арандатушылық болатынын білгендіктен де маған бұл сапарға барудан бас тартуға кеңес берді. Қазақстанда РФ-мен достықты қолдайтындармен біргемін. Менің бағытым айқын, Ресей мен Путинді қолдаймын», - деді Джигурда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от НИКИТА ДЖИГУРДА (18+) (@instadzhigurda)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: