Қазақстанға Ердоған келеді

11 Қыркүйек 2023, 14:13 2982

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Түркия басшысының сапары 3 қарашада өтетін Түркі халықтары ұйымының Х саммиті аясында орайластырылған. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді.

3 қарашада жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының Х мерейтойлық саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде ұйымдастыруға келістік, - деді Нұртілеу Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуде.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: