Қазақстанға бес елден 325 босқын келді

24 Қараша 2023, 18:31 1560

Қазақстанда бес елден келген 325 босқын тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республика аумағын паналаған барлық шетелдіктер мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген. 1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы "Босқындар мәртебесі туралы" конвенциясына ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алған болатын.

Қазіргі уақытта республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады. Олар елден шығарылмайды және қорғалған, - делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Босқындармен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жұмыс тобы жұмыс істейді. Жұмыс тобы босқындарға Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде медициналық көмекке, білім алуға және әлеуметтік көмекке қолжетімділік беру жөнінде ұсыныстар әзірледі. Бұл ұсыныстар қазіргі мүдделі мемлекеттік органдардың қарауында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: