Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы ресми сапармен келеді

27 Ақпан 2023, 17:20 964
Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары екі елдің қарым-қатынасын дамыту үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін де маңызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу "С5+1"форматында өткізіледі. Оның барысында бірқатар стратегиялық мәселелер талқыланады деп күтілуде.
 
“Бұл - Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. АҚШ Мемлекеттік хатшысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізеді”,- дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айым Даниярқызы
Бөлісу: