Қазақстанға 170 тоннадан астам картопты заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды

21 Қыркүйек, 12:09 598

Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелінуге тырысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

АШМ мәліметінше, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықталды.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты, - делінген мәліметте.

Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: