Қазақстанда электронды еңбек биржасында жасанды интеллект автоматты түрде 50 мыңнан астам вакансияны анықтап, оларды жұмыс іздеушілерге ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еңбек министрлігінде мәлім еткендей, жасанды интеллект көмегімен лайықты вакансияларды анықтайтын автоматтандырылған функционал 2025 жылдың сәуір айында әзірленген.
ЖИ негізіндегі жүйе резюме мен вакансияларды автоматты түрде сканерлейді, оларды талап етілетін мамандық профилі немесе мамандықтар тобы бойынша, сондай-ақ табыс деңгейі, тұрғылықты жері және негізгі дағдылар сияқты критерийлер бойынша сәйкестендіреді. Шешімнің негізінде табиғи тілді өңдеудің озық әдістері мен машиналық оқыту алгоритмдері жатыр, бұл өз кезегінде іріктеудің дәлдігі мен икемділігін қамтамасыз етеді.
Жоба HR-процестерді түбегейлі трансформациялауды, мамандарды құжаттарды қолмен талдау мен кандидат анкеталарын жұмыс беруші талаптарымен қайта-қайта салыстырудан босатуды көздейді. Автоматтандыру тиісті кандидаттарды іздеу жылдамдығын арттырып, рекрутерлердің еңбек шығынын азайтты.
Бір резюмеге өңдеу уақыты екі секундтан аспайды, ал вакансияларды қолмен іріктеу енді 80% жылдам жүргізіледі. Сондай-ақ, ЖИ-ды одан әрі енгізу жұмысқа орналастыру мерзімін 90%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.