Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгереді

3 Мамыр, 13:24 6700

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады.

ҚР азаматының жеке куәлігінің ағымдағы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде және оның машинадаоқылатын аймағында кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты, көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады

Ашық НҚА порталында құжаттың үлгісі көрсетілді. 

Жаңа жобаны жария талқылау мерзімі – 21 мамырға дейін. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: