Қазақстанда 6,6 миллионнан астам көлік тіркелген. Алайда олардың үштен бірі 20 жылдан асқан ескі көліктер. Бұл туралы Ranking мәліметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Жалпы статистика
2025 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстанда 6,6 млн автокөлік тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,5%-ға көп.
Олардың ішінде:
жеңіл көліктер – 5,7 млн (+17,8%),
жүк көліктері – 629,4 мың (+14,8%),
автобустар – 118,1 мың (+0,8%),
мотоциклдер мен басқа мототехника – 131,7 мың.
География
Ең көп жеңіл көлік Алматыда тіркелген – 695,6 мың (+18,3%).
Екінші орында – Алматы облысы (612,6 мың, +14,3%),
Үшінші орында – Астана (454,6 мың, +22,6%).
Ең аз көлік жаңа облыстарда: Ұлытау, Абай және Жетісу өңірлерінде.
Автопарктің жасы
Елдегі көліктердің басым бөлігі – ескі машиналар:
20 жылдан асқан – 2,4 млн (+11,2%),
10-20 жыл аралығы – 1,4 млн (+20,6%),
7-10 жыл аралығы – 599,4 мың (-0,5%),
3-7 жыл аралығы – 976,9 мың (+47,1%),
3 жылдан жаңа – 386,7 мың (+26,9%).
Яғни Қазақстандағы әр үшінші көлік 20 жылдан асқан.
Ең танымал модель
Қазақстан нарығында әлі де ең көп сұранысқа ие жеңіл көлік – Chevrolet Cobalt.