Қазақстандықтардың 61,7%-ы қалада тұрады

31 Қазан 2022, 15:48 1937

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

Орталық Азиядағы ең урбанизацияланған мемлекет - Қазақстан ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, халықтың 61,7% қалаларда тұрады, бұл 12 миллионнан астам адам», деп атап өтті Ұлттық бюро.

2022 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 2,4 миллионнан астам тұрғын үй тіркелген, оның 40% қалалық жерде (999 396 тұрғын үй) орналасқан. Тұрғын үйлердің ең көбі Алматыда(164 мың) және Шымкентте (141 мың) орналасқан. Ең аз үй саны Маңғыстау облысының қала аумағында тіркелген - 7351 тұрғын үй.

EL.KZ
Бөлісу: