Қазақстандықтарда азаматтық сана қалыптасқан – Жанар Нақипбаева

25 Қараша 2022, 13:01 1323

Бұл туралы «Азаматтық бірегейлікті нығайтудағы әлеуметтік әділеттілік факторы» отырысында айтылды

Азаматтық қоғам құрылымының басты міндеті  – мемлекет пен адам арасында сенімділікті нығайту. Қоғамда орын алып жатқан барлық факторды адам санасы қабылдай алады. Ал мемлекеттік істерді дұрыс пайымдауы үшін жүйелі зерттеу лер мен шешімдер ұсыну қажет.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысын қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігін қалыптастыру динамикасындағы рөлі жайлы сөз қоғалды. Баяндама барысында саяси ғылыми зерттеулер санының еселеніп жатқандығы айтылып, ендігі ғылыми зерттеулер тікелей «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталатындығы жайлы мәлімденді.

«Конституциялық реформалардың күрделі өзгерістерге ұшырайтындығы белгілі. Әлемдік сұраныс – әділеттілік. Мемлекеттік тапсырма бойынша бірегейлікті анықтау зерттеуі жүргізілді. Азаматтық бірегейлікті біз өткен реформа, сайлауда да көрген болатынбыз. Қазақстандықтарда азаматтық қоғам ұғымы қабылданып, бірегейлік қалыптасты. Үнемі сенімділік деңгейі арттырып отыру қажет», – дейді қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің директоры Жанар Нақипбаева. 

Айым Даниярқызы
Бөлісу: