Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша рекорд орнатты

15 Наурыз, 10:33 514

Қазақстандықтар 2023 жылы жылқы етін тұтыну бойынша 13 жылдық рекордты жаңартты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Бірінші несиелік бюросының деректер хабы ақпарынша, 2023 жылдың соңғы үш айында Қазақстанда жылқы етін жан басына шаққандағы орташа тұтыну көлемі 1,97 кг құрады, бұл 2011 жылдың басынан бері қолда бар статистиканың барлық кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш.

2022 жылдың төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш 5%-ға өсті. Мысалы, он жыл бұрын қазан-желтоқсан айлары аралығында жылқы етін тұтыну бірден 81%-ға өскен. Соңғы жылдары жылқы етін тұтыну өсу тенденциясын көрсетті.

Өткен тоқсанда статистикада көрсетілген еттің барлық түрлерінің ішінде жылқы еті сиыр етінен кейін екінші орында болды. Қазақстандықтар орташа есеппен 6,61 келі сиыр етін тұтынған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7 пайызға артық және 2015 жылдың төртінші тоқсанындағы рекордтық көрсеткіш 6,68 келі болған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: