2023 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күні мерекесі сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан мереке күніне арналған демалыс дүйсенбіге, 18 желтоқсанға ауыстырылды. Сол себепті қазақстандықтар екі күн емес, үш күн демалады.
2024 жыл дәстүр бойынша, Жаңа жылға арналған демалыс күнінен басталады.
Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шығады.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 30 желтоқсан ресми жұмыс күні болып саналады.
3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.