Қазақстандықтар жарты жылда қолма-қол ақшасыз 5,3 млрд операция жүргізді

28 Шілде 2023, 06:09 781

Қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкинг арқылы 21,3 миллионнан астам операция жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарты жылда Қазақстан банктері шығарған төлем карточкаларымен 73,5 трлн теңгеге 5,4 млрд операция жүргізілді.

Ұлттық банк мәліметінше, І жартыжылдықта жеке тұлғалар қолма-қол ақшасыз 62,8 трлн теңгеге 5,3 млрд операция жүргізді. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық.

Қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізуде интернет-банкинг пен мобильді-банкинг – өте жоғары сұранысқа ие тәсіл. Қолма-қол ақшасыз он операцияның тоғызы онлайн режимде жүзеге асырылады. Күн сайын цифрлық банкинг арқылы орта есеппен 297,7 млрд теңгеден астам сомаға 21,3 миллионнан көп операция жүргізіледі, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар қолма-қол ақшаны шешіп алу операциялар саны да азайған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,6%-ға төмендеген.  

2023 жылдың І жартыжылдығында қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құрылымындағы онлайн операциялардың үлесі – саны жағынан 73,5%, ал көлемі жағынан 85,8% болды. Күн сайын цифрлық банкинг арқылы орта есеппен 297,7 млрд  теңгеден астам сомаға 21,3 миллионнан көп операция жүргізіледі, - делінген ақпаратта.

Перизат Саденова
Бөлісу: