Жаздың соңғы айында, бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін азаматтар үшін 21 жұмыс күні мен 10 демалыс күні қарастырылған. Ең жағымдысы – айдың соңында қатарынан үш күндік демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні. Бұл – елдің негізгі мемлекеттік мерекелерінің бірі. 2025 жылы бұл күн сенбіге сәйкес келеді. Ал Еңбек кодексіне сәйкес, егер ресми мереке демалыс күнімен тұспа-тұс келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осыған байланысты 1 қыркүйек, дүйсенбі – қосымша демалыс күні болады.
Осылайша, тамыз айының соңында қазақстандықтар мынадай шағын демалыс алады:
Айта кетейік, Қазақстанда Конституция күні жыл сайын 30 тамызда аталып өтеді. Бұл күн 1995 жылы өткізілген жалпыхалықтық референдумда жаңа Негізгі заңның қабылдануына арналған. Бұл заң барлық құқықтық актілерге – заңдар мен жарлықтардан бастап халықаралық келісімдерге дейін негіз болады.
Айта кетейік, бұған дейін қай айда еңбек демалысына шыққан дұрыс екені туралы жазған едік.