2025 жылдан бастап Қазақстан азаматтары жеке табыс салығының (ЖТС) бір бөлігін мемлекеттен қайтара алады, бірақ бұл үшін міндетті түрде жеке декларация тапсыру қажет, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі жазды.
Қазақстанда салықтық шегерімдер жүйесі сақталады – яғни, белгілі бір шығындар үшін мемлекет төленген салықтың бір бөлігін қайтарып береді. Бірақ бұл автоматты түрде жүзеге аспайды. Салықты қайтару үшін азаматтар өзі декларация толтырып, тиісті құжаттарды қоса өткізуі керек.
Қандай шығындар бойынша салықты қайтаруға болады?
Салықтық шегерімдер міндетті және қосымша түрлерге бөлінеді:
Міндетті шегерімдер:
Қосымша шегерімдер (әрқайсысы бойынша жылына 118 АЕК-ке дейін):
Мысалы, баланың ағылшын курсына немесе өзіңіздің еміңізге кеткен шығындарды растайтын құжаттармен бірге өткізсеңіз – мемлекет жылына 500 000 теңгеден астам соманы қайтарып бере алады.
Қалай және қашан тапсыру керек?
Салық шегерімдерін қолдану тәсілдері:
Егер бір айда шектеуді толық пайдаланбасаңыз – қалдықты келесі айға көшіруге болады.
Маңызды шарттар:
Көп балалы отбасылар үшін жеңілдіктер бар
Көтермелеу ретінде төрт және одан көп баласы бар ата-аналарға арналған жеке тәсіл қарастырылған. 282 АЕК бір ата-анаға немесе 141 АЕК әр ата-анаға жеке есептеледі. Таңдау еркі – ата-аналарда.
Кімдер салық шегерімін қолдана алады?
Барлық жеке тұлғалар – оның ішінде азаматтық-құқықтық шарттармен (ГПХ) жұмыс істейтіндер де, егер олардың табысынан әлеуметтік аударымдар ұсталып отырса, салықты қайтаруға өтініш бере алады.