Қазақстандықтар Республика күні қарсаңында үш күн демалады

Кеше, 09:05 455

Қазақстандықтар қазан айында тоғыз күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 қазан, жұма күні, қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. Бес күн жұмыс істейтін азаматтар 25, 26, 27 қазан күндері демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін 25 қазан – демалыс, 26 қазан – жұмыс күні, 27 қазан – демалыс.

Мерекені қоса есептегенде ел тұрғындары қазан айында 9 күн демалады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: