ҚМА Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚМА дерегінше, ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен.
Оқи отырыңыз:
Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Сонымен қатар күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.