Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады?

3 Маусым, 11:56 595

Құрбан айт мерекесі Оразадан 70 күн өткеннен кейін тойланады. Биыл аталмыш мереке 17 маусым, яғни, дүйсенбіге сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.

Осылайша, маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады: 1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады: 1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.

Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: