12.05.2025
09:05
1111
Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады

Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады

Мерекеге орай маусым айында қазақстандықтар қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Құрбан айттың бірінші күні жұма — 6 маусымға сәйкес келеді. Заң бойынша бұл күн ресми демалыс саналады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан — 6 маусымнан 8 маусымға дейін демалады.

Алты күндік жұмыс аптасында 6 және 8 маусым — демалыс күндері, ал сенбі — 7 маусым жұмыс күні болып есептеледі.

Құрбан айт — мұсылмандардың ең басты мерекелерінің бірі, ол Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң атап өтіледі. Бұл күні мұсылмандар арнайы айт намазын оқып, құрбандыққа мал шалады. Сондай-ақ бұл мейрам қажылықтың — Меккеге жасалатын сапардың аяқталуымен тұспа-тұс келеді.