Қазақстандықтар "QosLike" пен "Қалаулымға" тыйым салуды талап етіп жатыр

2 Қараша 2023, 15:20 13632

Қазақстанда "QosLike және "Қалаулым" сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Петицияның негізгі мақсаты - хайп пен рейтингті көтеру үшін жағымсыз эмоция сыйлайтын бағдарламаларды жабу. Сондай-ақ эфир барысында түрлі келеңсіз әрекеттер мер жанжал болатыны айтылған.

Аталмыш бағдарламалар қазақ отбасындағы салауатты қарым-қатынас нормаларына, адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын жағымды идеялар жоқ, - делінген мәтінде.

Петиция авторы Серік Әбішов мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын алға тартады.

Бұл петицияны 600-ден аса адам қолдап үлгерген. Петиция кеше сағат 17:53-те жарияланған. 

Айта кетейік,  Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев «Қалаулым», «Бір болайық» секілді ток-шоуларды жабу жөнінде бастама көтергенін жазған едік. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: