Қазақстандықтар Қазан қаласындағы «Болашақ ойындарында» өнер көрсетті

4 Наурыз, 17:28 712

Татарстанның Қазан қаласында «Болашақ ойындарының» жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық мультиспорттық турнир 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтті.

Ол цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал дисциплиналарын біріктірді. Оның қатысушылары 12-62 жас аралығындағы 2 мыңнан астам адам болды. Олардың барлығы 294 командаға біріктірілді. Турнирдің жүлде қоры 10 млн долларды құрады.

Жарыстарға геймдев, эспорт, робототехника (дрон жарысы және робот шайқастары), кеңейтілген және виртуалды шындық, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бойынша әзірлемелер кірді. Жалпы 21 дисциплина бойынша (16 негізгі және 5 кеңейтілген бағдарламада) өтті. Аталған ойындарға 13 пән бойынша 48 қазақстандық қатысты. Барлығы 236 спортшы алғашқы «Болашақ ойындарының» жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Бұл жерде сөз Ресей, Қытай, Үндістан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Испания, Уругвай, Филиппин, Аргентина, Эквадор, Колумбия спортшылары туралы болып отыр. Қазақстандықтар да ойында жоғары деңгейін көрсете алды және «Болашақ ойындарынан» түрлі дисциплиналардан медальдар жиынтығын жеңіп әкелді.

Қазақстандықтар дәстүрлі түрде жарқын өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алды, сондай-ақ «Болашақ ойындарына» қатысып, құнды тәжірибе алдық. Біз Қазақстандағы киберспорт инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруді жалғастырамыз және өзіміздің киберспортшыларымыздан тағы да жеңістер мен әдемі ойындар күтеміз», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев

Ойындар барысында xGOD командасының құрамында бес қазақстандықтың өнер көрсетуі айрықша болды, олар керемет дағдыларын көрсете отырып, Counter-Strike 2 ойыны мен лазертаг бойынша «Болашақ ойындары 2024» чемпионатында жеңіске жетті. Қызықты финалдық қарсыластықта xGOD ұжымы ресейлік LookingForOrg құрамымен кездесіп, сенімді түрде 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч Inferno картасында 13:9 және Overpass картасында 13:11 жиынтық ұпаймен аяқталды. Бұл әсерлі жетістік xGOD ойыншыларының жоғары дайындығы мен кәсібилігінің тағы бір мәрте куәсі болды.
Қазақстандықтар 175 мың доллар елеулі жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар, Dota2 бойынша әр түрлі халықаралық командалар құрамында қазақстандықтар турнир финалының 1/16-дан 1/4-ке өте алды, Қазақстаннан келген фиджитал-хоккейшілер (Cyber Barys) 1/8 финалға өтті, Young командасының жаттықтырушысы Алим Рахметов өз командасын бірінші орынға жетелеп, оның командасы 87,5 мың доллар ұтып алды. «Танктер әлемі» дисциплинасында Rise командасының ойыншысы Станислав Штыренко 1/4 финал кезеңінде өнер көрсетуді аяқтады, оның командасы қатысқаны үшін 30 мың доллар алды. Absolute командасының мүшесі Әділ Елдосов Standoff дисциплинасының жеңімпазы болды, оның командасы сәйкесінше 87,5 мың доллар тапты.

Біздің Counter-Strike ойыншыларымыз әлемдік аренада ежелден бері, осы ойынның алғашқы нұсқаларынан бастап өзін танытты және бүгінде олар халықаралық турнирлерде жанкүйерлерді қуантуды жалғастыруда. Қазақстандықтарды таңғажайып жеңісімен құттықтаймыз, мұндай жүлде қоры шын мәнінде киберспорт әлемі үшін елеулі награда болып саналады», - деп атап өтті Қазақстан киберспорт Федерациясының Президенті Қуанышбек Есекеев.

Қазақстанда киберспорт инфрақұрылымы 2018 жылдан бастап қарқынды дамып келеді, содан кейін бұл дисциплина алғаш рет ресми спорт түрі болып танылды, ал жазда ҚР Киберспорт Федерациясы пайда болды. Содан бері елде жүздеген турнирлер, соның ішінде бірқатар халықаралық турнирлер өтті.

Айта кетейік, 2024 жылдың 21 ақпанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін өткізуді ұсынды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: