Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтар қай жаста отбасын құратыны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бюро мәліметінше, елімізде маңғыстаулықтар ертерек отбасын құрады екен – орта есеппен 26,1 жас.
Ең кеш шаңырақ көтеретін ШҚО тұрғындары – 29,5 жас.
Астана – 28,6 жас.
Алматы – 28,8 жас.
Шымкенте – 27,9 жас.
2022 жылғы өзге өңірлер бойынша мәлімет:
Алматы облысы – 28,3 жас;
Ақмола облысы - 28,2 жас;
Ақтөбе облысы - 27,6 жас;
Атырау облысы - 27,6 жас;
БҚО - 27,5 жас;
Жамбыл облысы - 27,7 жас;
Қарағанды облысы - 29 жас;
Қостанай облысы - 28,7 жас;
Қызылорда облысы - 27,2 жас;
Павлодар облысы - 28,7 жас;
СҚО - 29 жас
Абай облысы - 28,4 жас;
Жетісу облысы - 28,1 жас;
Ұлытау облысы - 28,6 жас;
Түркістан облысы - 26,9 жас.
Қазақстан бойынша некеге тұрудың орташа жасы – 28 жас.
29 жасқа дейін 89 мың 4 әйел тұрмысқа шыққан. Бұл жаста үйленген ер адамдар саны – 72 мың 869.
18-ден 19 жасқа дейін - 16 мың 453 әйел және 2 мың 481 ер адам;
20-дан 24 жасқа дейін - 50 мың 528 әйел және 35 мың 503 ер адам;
25-тен 29 жасқа дейін - 24 мың 765 әйел және 41 мың 207 ер адам;
30-дан 34 жасқа дейін - 14 мың 448 әйел және 21 мың 379 ер адам;
35-тен 39 жасқа дейін - 9 мың 182 әйел, 11 мың 473 ер адам;
40-тан 44 жасқа дейін - 5 мың 256 әйел, 6 мың 456 ер адам;
45-тен 49 жасқа дейін - 3 мың 151 әйел, 3 мың 888 ер адам.