23.06.2023
12:30
1110
Қазақстандықтар мінген ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты

Қазақстандықтар мінген ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы ұшу жолағына түсер кезде өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қостанай тұрғыны Дарья Лысяк Instagram-дағы парақшасында жазды. Қазақстандықтың айтуынша, оқиға Ыстамбұл әуежайында болған.

Соқтығысудан әуе кемесі қанатының бір бөлшегі сынып қалған.

Бойжеткеннің сөзіне қарағанда, ұшақ әуежайда 20 минуттай әрі-бері жүріп, сонан соң жолаушылар күту залына жіберілген.