Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2 трлн теңге қарыз

6 Наурыз 2023, 17:45 1408

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың активтері 2022 жылғы 4-тоқсанда 10,2% ұлғайып (2022 жылғы өсу – 34,4%), 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2,1 трлн теңгені құрады. Активтердің ұлғаюы микроқаржы ұйымдарының кредиттік портфелінің өсуіне байланысты болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Активтердің ең көп үлесі – 1 102 млрд теңге немесе 52% микроқаржы ұйымдарына, 756 млрд теңге немесе 36% кредиттік серіктестіктерге, 254 млрд теңге немесе 12% ломбардтарға тиесілі.

Несие портфелі 2022 жылғы 4-тоқсанда 350 млрд теңгеге немесе 20,2% ұлғайып (2022 жылғы өсу – 50,9%), негізінен, жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуі нәтижесінде 2,0 трлн теңгені құрады.

Жеке тұлғаларға берілген қарыздар көлемі 2022 жылғы 4-тоқсанда 2,6% ұлғайып (2022 жылғы өсу – 30,8%),  2023 жылғы 1 қаңтарда 1,1 трлн теңгені құрады. Оның ішінде дара кәсіпкерлерге берілген қарыздар 8,6% 242 млрд теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 30,4%).

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар 2022 жылғы 4-тоқсанда 70,2% 732 млрд теңгеге дейін ұлғайды, 2022 жылы өсу 113%-ды құрады. Заңды тұлғалардың несие портфелінің айтарлықтай өсуі кредиттік серіктестіктер несие портфелінің өсуімен байланысты болды.

2023 жылғы 1 қаңтарда МҚҚЖҰ портфелінде 90 күннен астам  мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL) деңгейі 3,6%-ды құрады (2022 жылғы 1 қаңтарда – 5,5%).

Жеке тұлғалар портфелінде NPL деңгейі 5,4%-ды құрады (2022 жылғы 1 қаңтарда – 7,0%). Жеке тұлғаларға берілген қарыздар сапасының нашарлауы, негізінен, сомасы 50 АЕК-ке дейінгі қысқа мерзімді микрокредиттер сегментінде байқалады, мұнда NPL деңгейі 16,1%[1] (2022 жылғы 1 қаңтарда – 38,5%1) құрады.

Заңды тұлғалар портфелінде NPL деңгейі 0,2%-ды құрады (2022 жылғы 1 қаңтарда – 0,9%).

МҚҚЖҰ міндеттемелері 2022 жылғы 4 тоқсанда 18,2%-ға немесе 230 млрд теңгеге ұлғайып (2022 жылғы өсу – 47,3%), 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,5 трлн теңгені құрады. Жиынтық міндеттемелердің ұлғаюы тартылған қарыздардың 7,2%-ға немесе 43 млрд теңгеге өсуі нәтижесінде пайда болды, олардың МҚҚЖҰ міндеттемелерінің құрылымындағы үлесі 84,6%-ды немесе 1 256 млрд теңгені құрайды.

2022 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 5,1%-ға төмендеп (2022 жылғы өсу – 11,3%), 628 млрд теңгені құрады.

EL.KZ
Бөлісу: