Қазақстандықтар Ливаннан эвакуацияланды: СІМ мән-жайды айтты

4 Қараша, 10:48 490

Ливаннан 41 азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды.

Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді. Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: