Қазақстандықтар көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуі керек

13 Наурыз 2023, 10:07 3110

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы калькулятор көмегімен немесе "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.

Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген салықтың сомалары мобильді қосымшалар арқылы PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.

Есептелген салық сомаларын "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Электронды сервистер"→"ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы көруге болады.

EL.KZ
Бөлісу: